21 Тамыз 2025
Жаңалықтар

«Болашақ мектебі - тұлға және кәсіпқой болуға арналған платформа»

20 тамызда Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің базасында биология және химия пәні мұғалімдерінің «Болашақ мектебі - тұлға және кәсіпқой болуға арналған платформа» тақырыбында аудандық секциясы өтті.

Секция жұмысына ауданның жалпы білім беретін мектептерінен 21 педагог қатысты. Іс - шара барысында білім беру саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді қозғаған спикерлер сөз сөйледі:

- жаратылыстану пәндерін оқытуда заманауи білім беру технологиялары мен цифрлық ресурстарды енгізу;

- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;

- оқушылардың зерттеу және жобалау дағдыларын қалыптастыру;

- болашақ мамандарды даярлаудағы STEM - білім берудің рөлі;

- тәжірибеге бағытталған тәсіл арқылы оқушылардың биология мен химияны оқуға деген ынтасын арттыру.

Осы тақырыптарды талқылау қатысушыларға тәжірибе алмасуға және білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында одан әрі кәсіби даму жолдарын белгілеуге мүмкіндік берді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар